Украина аумағында соғыс қимылдары басталғалы бері әлемде бидай бағасы 20%-ға көтерілді.
Соңғы үш жылда бидай экспортының шамамен 30% Ресей мен Украинаның үлесіне тиді.
БҰҰ Азық-түлік ұйымы (ФАО) наурыз айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасының жаңа рекордын тіркеді. Азық-түлік бағасының индексі 159,3-ке жетті, бұл ақпандағы деңгейден 12,6%-ға жоғары. Негізгі себеп — Қара теңіз өңіріндегі соғыс, ол жерден дәнді дақылдар мен өсімдік майлары экспорттық жеткізіледі.
«Наурызда астық бағасының индексі ақпанға қарағанда 17,1%-ға жоғары болды. Соңғы үш жылда Ресей Федерациясы мен Украинаның үлесіне әлемдік бидай экспортының шамамен 30%-ы және жүгерінің 20%-ы тиді. Бір айдың ішінде бидайдың әлемдік бағасы 19,7%-ға өсті, бұған АҚШ-тағы ауылшаруашылық дақылдарының жай-күйіне қатысты жаңалықтар да ықпал етті. Жүгерінің бағасы бір айда 19,1%-ға өсіп, рекордтық деңгейге жетті», — деп жазады портал.
Өсімдік майы бағасының индексі 23,2%-ға өсті, себебі Украина — жетекші әлемдік экспортаушы. Сонымен қатар пальма, соя және рапс майының бағасы да айтарлықтай көтерілді.
Қант бағасының индексі ақпанмен салыстырғанда 6,7%-ға өсті (2021 жылғы наурызбен салыстырғанда 20%). ФАО мәліметінше, ет бағасының индексі 4,8 пайызға артып, рекордтық деңгейге жетті. Сүт өнімдеріне баға индексінің орташа мәні 2,6%-ға өсті.