Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қапшағайдағы жоғары вольтты бағаналардың бірінде асылып қалған екі адамның денесі табылғанын хабарлады.
«Қапшағай қаласының полиция бөліміне 8 сәуірде қалалық ЖҚС маңында ерлі-зайыптылардың (22 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыздың) денесі табылғаны туралы шақырту келіп түсті. Олар денесі асылған күйде болған. Мәйіттерін тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ», — деді тәртіп сақшылары.
Полиция өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деп отыр. Қазіргі дерек бойынша барлық мән-жай анықталып жатыр.
Түпкілікті процессуалдық шешім сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша қабылданатын болады. Аталған факт ҚР ҚК-нің 155-б. 2-б. бойынша тіркелді