Украина Президенті Финляндияны білім беруді жаңғыртуға шақырады

Украина президенті Владимир Зеленский елді қалпына келтірудің қамын ойлайтын кез келді деп мәлімдеді. Осы бағытта әрекет ете отырып, ол Финляндияны Украинаның білім беру саласын қалпына келтіру мен жаңғыртуға шақырды.

«Мен сіздерді, компанияларыңызды, мамандарыңызды Украинадағы білім беру саласын қалпына келтіруге және білім беруді жаңғырту үшін атсалысуға шақырамын», — деді ол жұма күні Финляндия үкіметіне жолдаған бейнеүндеуінде.

«Қазірден бастап елімізді қалай қалпына келтіретінімізді ойлауымыз керек. Білім беру саласында сіздердің көш бастап тұрғандарыңызды бүкіл әлем біледі, шынымен де адамның жеке бостандығын қорғауға, оны білімді етуге, басқа адамдарға, қоршаған ортаға және жалпы әлемге құрметпен қарауға мүмкіндік беретін білім беру жүйесін қалыпастырдыңыздар. Мұны өзге елдер де үйренген жөн», — деді Зеленский. Оның айтуынша, Украина азаматтарын жақсылыққа баулу керек.

Наурыз айында Зеленский шетелдік парламентшілер алдында бірнеше рет бейнебайланыс форматында сөз сөйлеген. Ол өз үндеуінде Батыс елдерін әскери және гуманитарлық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Ресейге қысым көрсетуге шақырды. Зеленский сондай-ақ кейбір елдерді «Украинаны қалпына келтіру жобасына» атсалысуға шақырды. Норвегия, Швеция, Дания және тағы басқа елдерге осы ұсынысты айтты.

Добавить комментарий