Беларусь президенті Александр Лукашенко кез келген қиындықтар мен ауыртпалықтарға қарамастан, Ресеймен бірге болатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Пәкістанның республикадағы елшісі Саджад Хайдер Ханмен өткен кездесу барысында айтты.
«Біздің принципиалды ұстанымымызды білуіңіз керек: Ресей біздің одақтасымыз, сенімді одақтасымыз. Біз әрқашан Ресеймен бірге болдық және кез келген жағдайда, кез келген қиындықтар пен ауыртпалықтарға қарамастан бірге боламыз. Біз бұл қақтығыстың [Украинадағы] бейбіт жолмен шешілуін қалаймыз», — деп БелТА агенттігі Лукашенконың сөзін келтіреді.