АҚШ: Ленд-лиз туралы заң мақұлданды

АҚШ Сенаты ленд-лиз туралы заң жобасын мақұлдау туралы шешім қабылдады. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бұл құжат Украинаға әскери көмекті жеделдетуге мүмкіндік береді.

АТалған шешім бірауыздан қабылданды, деп жазады америкалық Politico басылымы.

Ленд-лиз АҚШ президенті Джо Байденге Украинаға қару-жарақ пен басқа да жеткізілімдерді кедергісіз жеткізуге мүмкіндік береді.

Сенаторлар осы ұсынысты қолдады, себебі украиналық әскерлер Ресей әскерлеріне төтеп бере алатынын көрсетті, деп жазады басылым.

«Вашингтон соңғы рет 20 ғасырдағы ең ауқымды жаһандық қақтығыс кезінде қолданылған төтенше тактикаға жүгінеді, бұл АҚШ пен оның одақтастарының ресейлік шабуылға либералдық тәртіппен экзистенциалдық қатер деп санауының тағы бір белгісі болып табылады», — деп есептейді Politico.

Күні кеше Джо Байден Украинаға 100 млн доллар көлемінде қосымша әскери көмек беруді бұйырған болатын. Ол қару-жарақ, қорғаныс құралдарын және әскери даярлықты қамтитын болады.

Басылым Украинаға жеткізілім қалай есептелетіні тақпарат туралы бермеді.

Добавить комментарий