Микрочиптерін өндірумен айналыстаын Intel компаниясы РФ-дағы жұмысын тоқтатады

Микрочиптерді өндірумен айналыстаын Intel компаниясы санкцияларға байланысты Ресейде жұмысын тоқтатты.

Анықтама! Америкалық Intel компаниясы электронды құрылғылар мен компьютерлік компоненттерді шығарады.

«Intel де әлемдік қауымдастықпен бірге Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптап, дереу бейбітшілікті қалпына келтіруге шақырады. Біз Ресейдегі барлық іскерлік операцияларды тоқтаттық. Бұл Ресей мен Беларусьтегі клиенттерге барлық жеткізілімдерді тоқтату туралы алдыңғы шешімімізден кейін қабылданды», — деп атап өтті Intel корпорациясы.

Соғыстың әсеріне тап болғанның бәрін, әсіресе Украина мен көрші елдердің жұртын және онда отбасы, достары және жақындары қалған адамдарды қолдаймыз» делінген компания мәлімдемесінде.

«Біз осы күрделі жағдайда барлық қызметкерлерімізді, оның ішінде Ресейдегі 1200 қызметкерімізді қолдау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдадық», — делінген хабарламада.

Бұған дейін World of Tanks ойынын әзірлеген Wargaming компаниясы Ресей мен Беларусьте жұмысын тоқтатқанын мәлімдеген болатын.

Добавить комментарий