АҚШ Украина танкіге қарсы камикадзе-дрондар жеткізеді

АҚШ Киевке танкіні жоюға арналған жаңа Switchblade камикадзе-дрондарды жеткізетінін мәлімдеді.

Bloomberg мәліметінше, аталған зымырандар Украинаның қауіпсіздігіне жәрдемдесу туралы бастама аясында жеткізіледі, оған шамамен $300 млн бөлінді

АҚШ Қорғаныс министрлігі танктерге қарсы және артиллериялық позицияларды жою үшін Switchblade деп аталатын америкалық өндірістің 10 зымыранын сатып алып, Украинаға жіберуді көздеп отыр. Бұл туралы сейсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Switchblade зымырандары Украинаның қауіпсіздігіне жәрдемдесу жөніндегі бастама аясында жеткізіледі (Ukraine Security Assistance Initiative, USAI — ТАСС), оған шамамен $300 млн бөлінді. АҚШ Қорғаныс ведомствосының баспасөз хатшысы Джон Кирбидің айтуынша, USAI аясында Пентагонның қорынан техника және қаражат бөлібейді, ол министрліктің өндірушілермен тиісті келісімге келуін көздейді.

Бұған дейін белгілі болғандай, Құрама Штаттар Украинаға әскери көмектің жаңа пакеті аясында америкалық AeroVironment компаниясы шығарған 100 Switchblade снарядын беру туралы шешім қабылдады. Зымыранның екі түрі бар: Switchblade-300 және Switchblade-600. Олардың біріншісі, неғұрлым жеңіл (2,5 келі), жеке құрам бойынша жоғары дәлдікті соққы беруге арналған, ал салмағы шамамен 23 келі болатын жаңа модель танктер мен броньды техниканы жоюға арналған, ол ауада 40 минут болады және 39 шақырым қашықтықты еңсере алады.

CNN телекомпаниясының хабарлауынша, 16 наурызда Switchblade снарядтары, камикадзе-дрондар Украина АҚШ-тан сұраған қару-жарақ тізімінде болған. Украина әскерилері аталған қаруды қолдануы үшін америкалық тараптың нұсқаулығы керек, оны «қашықтықтан режимде» көрсетуі мүмкін.

Добавить комментарий