Қазақстанда 2040 жылға қарай су тапшы болуы мүмкін. Жалпы 44 елде судың жоғары немесе төтенше тапшылығы орын алады деп болжанып отыр.
Дүниежүзілік ресурстар институтының болжамына сәйкес, Орталық Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстан, Орта және Таяу Шығыста, Солтүстік Африкада, Балқан, Пиреней, Латын Америкасының Тынық мұхит жағалауының оңтүстік бөлігінде су тапшы болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда жер тұрғындарының 31%-ы ғана су тапшылығына тап болмайды, ғаламдық талдаушылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай проблема ушығады. «Су стресіне» өзара байланысты факторлар кешені — үдемелі урбандалу, халық пен шаруашылық қызметтің өсуі, климаттың өзгеруі алып келеді.
БҰҰ-ның анықтауынша, ел жаңартылатын тұщы су ресурстарының төрттен бір немесе одан көп бөлігін жұмсағанда су тапшылығына тап болады. 2018 жылы жер шарында тұщы су ресурстарының 18,4%-ы жұмсалды.