Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы екі айда $6 млрд құрады

Қазақстан мен Еуроодақ жалпы тауар айналымын екі айда, 2022 жылдың қаңтар-ақпанда 6 млрд долларды құрады.

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,9%-ға жоғары .

QazTrade мәліметінше, 2022 жылдың алғашқы 2 айында Қазақстаннан ЕО-ға тауар экспортының көлемі 5,2 млрд долларды құрады. ЕО елдеріне шикі мұнай, газ, мұнай өнімдері, ферроқорытпа, алюминий және бидай жеткізіледі.

ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 767 млн. долларды құрады. Бұл дәрілік заттар, вакциналар, қан сарысулары, қан, турбореактивтік және турбовинттік қозғалтқыштар, газ турбиналары, ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер; есептеу машиналары; құбырларға арналған арматура; телефон аппараттары; өзге де қара металдардан жасалған бұйымдар.

Қазақстанның ЕО елдері арасындағы ірі сауда серіктестері Италия мен Франция. Бұл елдермен тауар айналымы тиісінше 2,2 және 1 млрд. долларды құрады.

Добавить комментарий