Ұлыбритания Украина аумағына аса қуатты қару жеткізу мәселесін қарастыратынын мәлімдеді. Әңгіме, атап айтқанда, өздігінен жүретін AS-90 артиллериялық қондырғылары туралы болып отыр. Бұл туралы сәрсенбі күні The Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Олардың мәліметінше, AS-90 шамамен 30 жыл бұрын жасалғанына қарамастан, оның потенциалды жөнелтілуі Украинаға британдық қолдаудың «жаңа кезеңіне» көшетінін білдіреді, бұл туралы корольдік министрлер кабинетінің мүшелеріне қорғаныс штабының бастығы Тони Радакин баяндады. Басылымның үкіметтегі дереккөзлеріне сәйкес, «Ұлыбританияны қолдау өзгеруі керек».
Бұған дейін Ұлыбритания Үкіметінің басшысы Борис Джонсон Лондон Украина президенті Владимир Зеленскийдің өтінішіне жауап ретінде Украинаға танктер мен ұшақтар жеткізуді ұйымдастыра алатынына күмән келтірген болатын.Сонымен қатар, ол Украинаға «қорғану үшін қару-жарақ», оның ішінде Javelin және NLAW танкіге қарсы зымыран кешендерін, сондай-ақ Starstreak ПЗРК -ні жіберуді жалғастыратынын атап өтті.