ЕО-ның үш елі Украинаны қолдау жоспарын ұсынды

Хабарланғандай, Польша, Чехия және Словения он тармақтан тұратын Украинаны қолдау жоспарын ұсынды.

Аталған бастама туралы Польша Премьер-министрі Матред Моравецкий мәлімдеді.

  • Ресейдің барлық банктерін SWIFT жүйесінен ажырату;

  • Украинада соғысудан бас тартқан РФ әскери қызметшілеріне баспана беру саясатын іске қосу;

  • Еуропадағы ресейлік насихатты толық тоқтату;

  • Еуропа порттарында Ресей кемелерін бұғаттау;

  • Ресейге кіретін және шығатын тас жолдарды жабу;

  • ресейлік олигархтардың іскерлік ортасына санкцияларды кеңейту;

  • Ресей азаматтарына ЕО елдеріне виза беруге тыйым салу;

  • «Единая Россия» партиясының барлық мүшесіне (шамамен 2 млн. адам) қатысты санкция салу;

  • РФ-ға әскери мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін кез келген технологияларды экспорттауға тыйым салу;

  • Ресейді барлық халықаралық ұйымдардан шығару.

Добавить комментарий