Владимир Мединский Ресей Украина аумағында Киев және Чернигов бағытындағы әскери белсенділікті қысқартатынын хабарлады.
Бұл туралы Стамбулдағы Ресей-Украина келіссөздері аяқталғаннан кейін Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Александр Фомин мәлімдеді.
Ведомство өкілі бұл шешім «өзара сенімді арттыру мақсатында» қабылданғанын атап өтті.
Украинаның бейтараптық және ядролық қарусыз мәртебесі туралы шартты дайындау, сондай-ақ бүгінгі кездесу барысында Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру жөніндегі келіссөзде талқыланған қағидаттарды ескере отырып, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі өзара сенімді арттыру және келіссөздерді және қол қоюдың түпкілікті мақсатына қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында, Киев және Чернигов бағытындағы әскери белсенділікті бірнеше есе қысқарту туралы шешім қабылданды.
Фомин Ресей тарапы бейбіт келісім бойынша шешім қабылданатын Киевте «одан әрі қалыпты жұмыс істеуге жағдай жасалуы тиіс» екенін атап өтті.