Ұлыбритания: РФ азаматына тиесілі яхта тұтқындады

Ресей азаматына тиесілі яхта тұтқындалды. Бұл туралы ресми түрде Ұлыбританияның Көлік министрлігі хабарлады.

Мальта туы ілінген 60 метрлік яхтаның құны £38 млн деп бағаланады.

Біріккен Корольдіктің Көлік министрі Грант Шэппс ресейлік кәсіпкерге тиесілі Ұлыритания суларындағы Phi яхтасын тұтқындауға бұйрық берді. Бұл туралы сейсенбі күні Би-би-си хабар тарату корпорациясы хабарлады, ведомствоның мәліметінше, яхта иесі шын мәнінде кімге тиесілі екенін «жасырып қалуға тырысқаны».

Мальта туы ілінген 60 метрлік яхтаның құны £38 млн (ағымдағы бағам бойынша $50 млн) деп бағаланады. Кемеге иелік ететін компания Кариб аралындағы Сент-Китс және Невис мемлекетінде тіркелген. Көлік министрлігінің мәліметінше, 13 наурызда Ұлыбритания билігі яхтаның иесі ресейлік азамат болуы мүмкін деген күдік туындаған.

Бұған дейін Ұлыбритания үкіметі Ресей азаматтарына тиесілі үш жеке ұшақ пен тікұшақты уақытша тұтқындаған болатын. Шэппс мәлімдегендей, Ұлыбритания билігі елдің әуе кеңістігіндегі кез келген ресейлік ұшақты ұстай алады. Олар сондай-ақ санкциялар салынған ресейліктермен байланысты кемелерді ұстауға құқылы.

Добавить комментарий