Америкалық зергерлік ритейлер Tiffany&Co Украинадағы жағдайға байланысты РФ-ға қарсы салынған сакцияларға байланысты ресейлік бриллиантты сатып алудан бас тартты.
«Tiffany Ресейден өңделмеген алмазын алмайды, сондай-ақ оның басқа жерде өңделгеніне қарамастан, ресейлік бриллиантты сатып алуды тоқтатты», — делінген Tiffany өкілінің хабарламасында.
АҚШ наурыз айында Ресейде өңделген алмаз бен бриллиантты пайдалануға тыйым салды, бірақ Үндістанда өңделетін ресейлік өнімдеріне шектеу қоймады.
Tiffany өз жеткізушілеріне ресейлік алмазды сатып алуды тоқтатуды, сондай-ақ зергерлік бұйымдарға пайдаланылатын ұсақ бриллианттарды ресейлік және ресейлік емес деп бөлуді тапсырды. Компания 21 наурыздағы жағдай бойынша Ресейде өңделген бриллианттарды да сатып алуға тыйым салды. Алайда Tiffany Ресей Украинаға басып кіргенге дейін өңделген алмаздарды сатып ала бере ме, жоқ па, әзірге белгісіз.
Tiffany ресейлік «АЛРОСА» компаниясының көп жылдан бергі клиенті болды. Бұған дейін америкалық Signet Jewellers ритейлері де сатып алудан бас тартқан болатын, ал онлайн-сатушы Brilliant Earth өз сайтынан барлық ресейлік бриллианттарды алып тастаған. Екі компания да бұл шарадан олардың бизнесіне зиян тимегенін мәлімдеді.
Ресейдің алмазының шамамен 99%-ы Саха Республикасында (Якутия) өндіріледі. Қазіргі уақытта өңірде онға жуық кимберлит түтікшелері әзірленуде. Бұдан басқа, Пермь өлкесі мен Архангельск облысында ірі алмаз кеніштері бар.