ҚМДБ биылғы пітір садақа мөлшері қанша екенін хабарлады

2022 жылы Қазақстанда пітір садақаның мөлшері 500 теңге.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

«Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды. Биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді», — деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы түсіндіргендей, пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.

«Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды».

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлағандай, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Добавить комментарий