Турочак ауданының бұрынғы басшысы соғысқа қарсы үндеуді қолдады

Турочак ауданының бұрынғы басшысы Елена Унучакова Алтайда депутат Мария Деминаның соғысқа қарсы үндеуін қолдады.

Сонымен қатар, ол үндеуді «толықтырып»: «Мен Деминаның сайлаушыларына Ресейдің Украина аумағына баса-көктеп кіруіне қатысты айтқан үндеуді қолдаймын. Бірақ соңғы абзацпен келіспеймін: «не болып жатқанына ой жүгіртіп, бір қорытындыға келулеріңізді сұраймын».

Депутаттар азаматтарды, өз сайлаушыларын «бір қорытындыға» жасауға шақырып бас ала қашпай, қалыптасқан жағдайдан шығу жолын көрсетуі керек.

Сайлаушылардың бір шешімге келуіне итермелеу үшін ол «қабылдау бөлмелерін ашу керек, әскерилерді шығару үшін қол жинау керек, Парламенттің кезектен тыс отырысын өткізіп, Алтай Республикасынан бір де бір шартты мерзімдегі сарбаздың РФ шекарасынан шықпауын болдырмайтын қаулы қабылдау керек. Ал ең дұрысы — Алтай Республикасының шекарасынан бір қадам аттап шықпауы керек».

Еске салайық, 2013 жылдың қыркүйек айында Елена Унучакова сайлауда жеңіске жетіп, Турочак ауданының басшысы атанған . Ол «Единая Россия» партиясы қолдау көрсеткен, аудан басшысы Николай Болтухинді және тағы төрт үміткерді басып озды.

2014 жылдың соңында Унучакова аудандық депутаттар кеңесі ұйымдастырған импичмент рәсімінен кейін өкілеттігінен айырылды.

Добавить комментарий