Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ЖКО ағымдағы жылғы 21 наурыз күні сағат 19:20-да, Алматы-Өскемен тас жолының 110 шақырымында болды. Шеңгелді ауылының маңында Toyota Windom және Lexus LX 570 көліктері соқтығысты. Көліктердің бірі бұрылмақ болғанда, екіншісі қарама-қарсы бағытта келе жатып соғылған.Жол апатынан 21 жастағы Toyota Windom көлігінің жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы қаза тапты. Сондай-ақ, 50 жастағы әйел түрлі жарақаттармен Қапшағай қалалық ауруханасына жатқызылды», — делінген хабарламада.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (көлік рөлінде отырған адамның абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әскеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.