Атырауда полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 16 наурызда Атырау облысындағы тас жолда болған жол апатынан 7 адам зардап шекті. Олардың арасында полиция қызметкері де болды — оны аман алып қала алмады.

Еске салайық, жол апаты 16 наурыз күні сағат 08:30 шамасында болған.

Атырау — Орал тас жолында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Skoda патрульдік автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан жеті адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Атырау облысы ДП баспасөз қызметі.

Ведомство хабарлағандай, жолаушыларды Toyota Camry маркалы көліктен шығару үшін Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Кейіннен әлеуметтік желіде патрульдік көліктің бейнетіркегішіне түсірілген видео тарады. Кадрларда соқтығысу сәтін көрсе болады.

Добавить комментарий