ҰҚК баспасөз қызметі киік мүйізін сатпақ болған екі ер адамның ұсталғанын хабарлады.
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті 160 келі болатын киік мүйізін сатпақ болған екі азаматты ұстады, делінген хабарламада.
Күдіктілер 15 наурызда ұсталды.
«Күдіктілерден жалпы салмағы 160 келі болатын 641 киік мүйізі тәркіленді. Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының деректері бойынша қылмыстық әрекеттен мемлекетке залал 1,5 млрд. теңгеге бағаланып отыр», — делінген хабарламада.
Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.