Қайрат Боранбаев 2 айға қамауға алынды

Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын растады.

«Қаржылық мониторинг агенттігімен квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеуде.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қ.С. Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

17 наурызда сот 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», — деп хабарлады ҚМА.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды.

Добавить комментарий