ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Қазақстанға шетелден тауар импорты тоқтамайтынын мәлімдеді.
Журналистер Мәжіліс кулуарында Серік Жұманғариннен импорттаушылардың Қазақстанға тауар әкелуді тоқтата ма деген сұрағына: «Ешкім тоқтатпайды» деп жауап берді.
БҚДА басшысы атап өткендей, Қазақстан ешқандай санкцияға ұшырамады, бірақ жеткізілімдерде логистикалық жағынан проблемалар бар.
Логистикалық ағыны өзгеруі мүмкін. Қазір бірінші кезекте дәл осы жүйе түзіліп жатыр. Екінші кезекте — төлем мәселесі. Төлем жүйесіне санкциялық қысым жасалып жатыр, деді Серік Жұманғарин.
Монополияға қарсы агенттік басшысының айтуынша, импорттық тауарлардың кейбір топтарын арзандауы мүмкін.
Мұндай санкциялық қысым кезінде тауарлардың кейбір топтары арзандауы мүмкін, себебі біз ресейлік экспорттың елі болып табыламыз. Біздің сыртқы сауда айналымының шамамен 40%-ы Ресеймен. Санкцияларға байланысты жақсы және жағымсыз тұстары бар. Дегенмен, бұл бағытта қандай да бір жеткізілімдер төмендемейді.
Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрінің жартысы бойынша Қазақстан импортқа тәуелді болып табылады.