Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекарадағы өткізу пункттерінде COVID-19 байланысты енгізілген бірқатар шектеулерді алып тастады.
Арнайы комиссияның шешімімен вакцинация сертификаты болған жағдайда Өзбекстанға келу үшін ПТР-тест тапсыру талап етілмейді.
16 наурыздан бастап Өзбекстанда бірқатар коронавирусқа қарсы шектеулер алынып тасталады.
Өзбекстан мен Қазақстан арасында шекаралық пункттері арқылы азаматтар еркін өту үшін барлық шектеулер алынып тасталады, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық теміржол және автобус қатынасы карантиндік ережелерді сақтай отырып, қайта жанданды.
Шетелдік азаматтарға Өзбекстанға келгенде вакцинация паспорты немесе сертификаты болған жағдайда ПТР-тест немесе экспресс-тест тапсырмаса болады. Егер аталған құжат болмаса, онда елге кіргенге дейін кемінде 72 сағат бұрын тапсырған теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасын (QR-кодымен) ұсыну керек немесе шекарадан өту кезінде немесе Өзбекстанға келгенде экспресс тест тапсыруы керек.