Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркі академиясының басшысын қабылдады,ол Мемлекет басшысына жоғары оқу орнының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндады.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар Президентке Халықаралық Түркі академиясы шығарған «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды.