Қазақстан бойынша 12 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ертең, 2022 жылғы 12 наурызда Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жауын-шашын болады.

Жауын-шашын мен тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Алматы қаласы Кіші және Үлкен су алабында 12-14 наурыз аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Қиын жағдайға ұрынбас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар.

12 наурызда Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстік-батысында тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман басады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан оңтүстік, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Облыс орталығында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік, солтүстік-шығыс жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

12 наурызда Нұр-Сұлтанның кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, солтүстік-шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман басады. Облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Аймақтардағы ауа райы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады. Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнайды, жел 15-25 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында жел 18 м/с жылдамдықпен соғады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында — тұман, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында — 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысының оңтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде — тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде — жаяу бұрқасын, түнде және таңертең жел 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде тұман басады. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында тұман болады. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, оңтүстік-батыста, облыстың таулы аудандарында 15-25 м/с жел соғады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, Күндіз жаяу бұрқасын — минус 9-11 градус, түнде — минус 13-15 градус болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынды, күндіз — 11-13 градус, түнде — 5-7 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Кейде найзағай ойнайды. Күндіз — 14-16 градус, түнде — 6-8 градус нөлден жоғары.

Добавить комментарий