«ӨКМ операторы» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры 20 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд.теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз орталығының хабарламасында.
Тергеу жалғасуда.