Қазақстан өз азаматтарының АҚШ-тағы есепшоттары туралы ақпарат ала алады

Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаев Қазақстан азаматтарының АҚШ-тағы есепшоттары туралы ақпарат ала алатын заңға қол қойды.

Аталған заң жобасы Қазақстан азаматтарының салықтан жалтаруын алдын алуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

2017 жылы салық салу мәселелерінде өзара көмек көрсету арқылы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Келісімнің мақсаты шетелде қаржылық есепшоттары бар АҚШ салық төлеушілерінің салық төлеуден жалтаруымен қарсы күреске бағытталған «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» АҚШ заңын (FATCA) сақтау болып табылады. Келісім екі ел резиденттерінің қаржылық шоттары туралы өзара ақпарат алмасуды көздейді, бұл өз кезегінде салық төлеуден жалтаруды азайтуға мептігін тигізеді, салықтарды жинау және әкімшілендіру бойынша қосымша құрал болады.

Заң қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметін қозғайды.

Келісімге бойынша қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтауға және ашуға міндетті. Осыған ұқсас, Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий