Қазақстан: 2022 жылғы 11 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометорталығы.

Еліміздің қиырғы солтүстіктегі өңірлерінде ғана суық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Сондай-ақ, жұма күні Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың шығысынан, солтүстік-шығысынан, батысынан, оңтүстігінен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда күндіз көктайғақ болады.

Қызылорда облысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен түнде және таңертең солтүстіктен, облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысында — тұман, көктайғақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде. Облыстың шығысында, солтүстік-шығысында орталығында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының Жетісу және Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ).

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда ауа райы нашарлайды, күндіз ауа температурасы -9.. -11 °C дейін жетеді, 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Синоптиктер Алматыда жаңбыр жауады деп болжап отыр. Термометр бағаны +10 +12 °C көрсетеді, желдің жылдамдығы: 3-8 м/с

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды болады, күндіз ауа температурасы: + 16.. + 18°C, желдің жылдамдығы: 8-13 м/с.

Добавить комментарий