Батыстық сарапшылар Украинадағы жағдай Қазақстан экономикасына қауіп төндіреді деп есептейді

Батыстың Ресейге қарсы салған санкциялары Қазақстан экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді деп жазады батыс саясаттанушылары.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанға қараған түні Донбасста «Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау» жөнінде әскери арнайы операция басталғанын жариялады. Нәтижесінде әлемдегі саяси ахуал күрт шиеленісті.

«Қазіргі таңда бүкіл әлем Путинді террорист деп санайды, ал Ресей батыс елдері тарапынан қатаң экономикалық санкцияларға ұшырауда», — дейді батыс саясаттанушылары.

Ал еуропалық экономистер Украина аумағында болып жатқан оқиғалардың салдарынан Қазақстан да зардап шегуі мүмкін дегенге сенімді.

Батыс тарапынан Ресейге қарсы салынған санкциялар Қазақстан экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді, деп жазады батыстық саясаттанушылар

 

«Осыған байланысты тек Ресей ғана емес, Қазақстан да зардап шегуде, себебі РФ Орталық Азия республикасының жақын көршісі, сондай-ақ маңызды сауда-экономикалық және саяси серіктесі. Бұл жағдайдың салдары Орталық Азия елінің экономикасына ғана емес, сондай-ақ оның ішкі және сыртқы саясатына да қатысты болады. Ресейге қарсы санкциялар күн өткен сайын күшейіп келе жатқанын ескерсек, ал жағдай қарқынды өзгеріп жатқанын ескерсек, солтүстік көршінің авантюрасы салдарынан Қазақстан қаншалықты зардап шегетініне болжам жасау қиын, не дегенмен Кремль көршісін өзімен бірге құрдымға ала кететіні анық», — деп жазады олар.

Олардың пікірінше, Қазақстан Ресей Федерациясымен тығыз экономикалық байланыста болғандықтан экономикалық қиындықтарды бастан кешіруі мүмкін.

«Батыс тарапынан Ресейге қарсы салынған санкциялар Қазақстан экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді, бұл көптеген қиындықтарға алып келеді, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауда проблемалар туындайды», — дейді батыстың экономистері.

Батыс тарапынан Ресейге қарсы салынған санкциялар Қазақстан экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді, деп жазады батыстық саясаттанушылар

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның имиджіне дақ түсуі мүмкін. «Көптеген батыс елдері Қазақстанды Мәскеуге адал мемлекет деп қарайды. Мұндай ұстаным ҚР ЕАЭО және ҰҚШҰ мүшесі болып табылатындықтан қалыптасып отыр, аталған ұйымдарда Ресей өз шартын қойып, барлық мүше елдерге саяси және экономикалық ықпал етуде. Осыған байланысты батыс елдері Орталық Азия республикасына инвестиция мөлшерін айтарлықтай азайтуы мүмкін, ал бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының өсу қарқынының төмендеуіне алып келеді», — деп мәлімдейді еуропалық саясаттанушылар.

Сәрсенбі, 2 наурызда доллардың рубльге шаққандағы бағамы 100 рубльден асып, рубль рекордтық көрсеткішке қайта оралды, ал қор нарығы жабық тұр. Батыста «Ресейдің қаржы жүйесі РФ-ның Украинаға басып кіруіне байланысты салынған батыстық санкциялардың салдарынан ауытқып кетті» деп жатыр.

Добавить комментарий