Ертең, 2022 жылғы 10 наурызда Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту режимі жарияланды.
«2022 жылғы 10-12 наурызда Түркістан және Жамбыл облыстарында оң ауа температурасы мен нөсер жаңбыр жаууына байланысты еңісті ағынды сулардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Бұдан басқа, 10 наурыздан бастап Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыс, солтүстік-шығыс, күндіз солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Оралда көктайғақ, түнде және таңертең тұман басады деп күтілуде. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығы мен Қызылорда қаласында тұман басады. Оңтүстік-шығыс, шығыс, күндіз солтүстікте және облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 20 м/с жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде — тұман, көктайғақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
10 наурыз түнде, 11 наурыз күндіз, ал 12 наурыз тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады, көбінесе жаңбыр жауады.