Француз билігі вакцинация паспортын жою туралы шешім қабылдады. Вакцинация паспорты жойылды.
14 наурыздан бастап елде вакцинация паспорты жойылады. Демек, барлық тұрғындар мен туристерге кафе мен мейрамханаларға, кинотеатрларға және театрларға ешқандай шектеусіз барса болады және ұшақтар мен поездарға еркін отырса болады. Сондай-ақ, 14 наурыздан бастап Франция қоғамдық көліктен басқа жерде маска тақпай жүрсе болады.
Елдегі шектеу шараларын алып тастау туралы шешім жағдайдың дамуын модельдеу негізінде қабылданды. Бесінші толқын бәсеңсіп келеді, ғалымдардың болжамы бойынша, наурыз айының ортасына қарай жағдай жағдай жақсарады.
Франция премьер-министрі Жан Кастекс: «Санитарлық талаптар медициналық мекемелерінде, қарттар үйлерінде, мүгедектер үйлерінде, ерекше осал азаматтар орналасқан жерлерде сақталады. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлер үшін вакцинация міндетті болып қала береді».
Санитарлық жағдайдың жақсаруына байланысты Францияда шетелдік туристерге қатысты шектеу шаралары алынып тасталды. Бүгінде Қазақстан жасыл тізімге өтті, демек Францияға баруға виза алу үшін Еуропада танылған препаратпен вакцинациялау міндетті болма.йды
Айта кетейік, еліміз ТМД-дағы Францияға еш шектеусіз бара алатын жалғыз ел.