Қазақстанда АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы өсуде.
Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі хабарлады.
Таңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 3,59 теңгеге көтеріліп, 497,02 теңгені құрады. Айта кетейік, 4 наурызда Ұлттық банкте доллардың ресми бағамы 492,28 теңгені құрады.
Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды 498,88 теңгеден сатып алып, 503,66 теңгеге сатады. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында американдық валютаны орта есеппен 499,72 теңгеден сатып алып, 503,09 теңгеден сатады.