Қазақстанда бірқатар ауыр жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді

Қазақстанның бірнеше облысында жол төсемін сақтау мақсатында ауыр жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі атап өткендей, бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ведомство хабарлағандай, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қозғалысқа шектеу енгізіледі», — деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий