«Қазгидромет» РМК елімізде ауа райы нашарлайды деп хабарлады. Қатты тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ертең, 2022 жылғы 2 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда да көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман басады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде — тұман. Облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Қызылордада тұман басады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, түнде және таңертең Ақтөбеде, сондай-ақ Ақмола облысында тұман түседі.
Нұр-Сұлтанда да түнде және таңертең тұман басады.
Түнде Жамбыл облысының тау бөктері аудандарында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. 2-3 наурызда облыстың солтүстігінде, тау бөктері аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады. 2-4 наурызда оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа, солтүстік-шығысқа, оңтүстік-батысқа, таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
2-3 наурызда түнде және таңертең Таразда, сондай-ақ Атырауда тұман басады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.