Тоқаев Пашинянға ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күшін жіберу туралы шешіміне ризашылығын білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Николай Пашинянмен келіссөздер барысында қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күшін елімізге жіберу туралы шешімді қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Ақорданың сайтында хабарлағандай, кездесу барысында олар сауда-экономикалық байланыстарды, оның ішінде ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, Қазақстан мен Армения арасындағы қатынастардың даму перспективаларын қарастырды. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады.

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалығын жоғары бағалап, қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингентін Қазақстанға жіберу туралы шешімді қолдағаны үшін Никол Пашинянға ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Армения Үкіметінің басшысы қонақжайлық көрсеткені және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтты.

«Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарымыздың табысты дамып келе жатқанына қуаныштымын. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ форматында экономикалық ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылап жатырмыз», — деді Никол Пашинян

Добавить комментарий