Қаңтар оқиғасы кезінде 673 азаматтық тұлға оқ жарақатын алды

Бүгін өткен брифингте қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша азаматтық тұлға оқ жарақатын алғаны туралы ақпарат жарияланды.

Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде 673 азаматтық тұлға оқ жарақатын алды. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Informburo.kz.

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаңтар оқиғалары кезінде 1726 азаматтық тұлға, оның ішінде 673-і оқ жарақатымен, 469-ы пышақталған және тесілген жарақатымен, 431-і дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінген», — деді Санжар Әділов.

Медициналық көмекке жүгінген азаматтардың көбі Алматы — 686, Алматы облысында — 336, Қызылорда облысында — 164, Жамбыл облысында — 153, Шымкент п ен Шығыс Қазақстан облысында — 126 адам.

ІІМ өкілі бұл мәліметтер тек азаматтық тұлғаларға қатысты екенін атап өтті.

Үш мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер түрлі дене жарақаттарын алды. 273 қызметкер ауруханада, кейбіреулері жансақтау бөлімінде жатыр.

Добавить комментарий