Нұр-Сұлтан: Экстремистік топтың мүшелері ұсталды

Нұр-Сұлтанда ҰҚК қызметкерлері экстремистік топ мүшелерін ұстау операциясын жүргізді.

«2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қ. сотқа дейінгі тергеу шеңберінде деструктивті діни ағым ұстанушылар тобын құрықтады.

Ұсталғандардың екеуінің жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық үшін сотталғандығы бар.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды», — делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.

Добавить комментарий