Қазақстандық синоптиктердің хабарлауынша. 2022 жылғы 16 ақпанда көшпелі бұлт шығады, солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауады.
Жолдда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 4-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, шығыста жел 20 м/с күшейеді.
Батыстың жекелеген аудандарында тұман түседі, кей жерлерде көру мүмкіндігі 100-200 м дейін төмендейді.
Солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы −19… −14 °С болады, күндіз −12… −4 °С болады.
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде −15… −1 °С болады, күндіз термометр бағаны −9… + 6 °С көрсетеді.
Еліміздің шығыс бөлігінде түнде ауа температурасы −17… −15 °С, күндіз −13… −10 °С дейін көтеріледі.
Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы түнде −9… −6 °С, күндіз −5… + 4 °С болады деп күтілуде.