Ер адамды арыққа лақтырып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматыда көлік жүргізушісі жолда апатты жағдай туғызған мас ер адамды арыққа лақтырып кетті.

Әлеуметтік желіде таралып жатқан видеода жүргізушінің жас жігітті жол жиегіне көтеріп алып әкеліп, арыққа лақтырып кеткені көрінеді. Полицейлер ер адамның жеке басын анықтады. «Мас ер адамды арыққа лақтырып кеткен көлік жүргізушісі анықталып, жауапкершілікке тартылды. Ол — 1988 жылы туған Н. есімді азамат.

28 жастағы П. есімді азаматтың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді Алматы қаласы полиция департаменті.

Алматы полициясы жүргізушінің ер адамды арыққа лақртырып кеткені көрінетін видеоға қатысты түсініктеме берді. Күні кеше әлеуметтік желілерде ер адамның жас жігітті арыққа лақтырып кеткені көрінетін виде таралған болатын. Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 8 ақпан күні сағат 17:15-те Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында ер адам жолдың қақ ортасына тұрып алып, апатты жағдай тудырып тұрған белгісіз бір ер адам туралы ақпарат келіп түсті. Ол медициналық сараптама нәтижесі бойынша, орта дәрежелі мас күйде болған 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты

«П. есімді азамат апатты жағдай туғызғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы) және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ер адамды көтеріп алып, арыққа лақтырып кеткен көлік жүргізушісінің жеке басы анықталып жатыр. Оның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Айта кетейік, П. есімді азамат медициналық көмекке жүгінбеді, — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Добавить комментарий