Түркия мен Әзірбайжан әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін қарастыруда.
Тараптар Әзербайжан әуе күштерінің авиациялық құралдары мен әскери қызметшілерінің «Технофест-2022» фестиваліне қатысу мәселесін талқылады.
Әзірбайжан қорғаныс министрі Закир Гасанов сейсенбі күні Түркия ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Мухсин Деремен екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл туралы әзірбайжан қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
«Кездесуде Әзірбайжан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, оның ішінде әскери-техникалық салада бірлескен жұмыс топтарын құру мәселелері талқыланды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Әзірбайжан әуе күштерінің авиациялық құралдары мен әскери қызметшілерінің «Технофест-2022» фестиваліне қатысу мәселелері қаралды. Жыл сайын Түркияда өтетін авиация және ғарыш технология фестивалі биыл 26-29 мамыр аралығында Бакуде ұйымдастырылады.