ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұрынғы лауазымды адам қандай күдікке ілінгені хабарланбайды. Қылмыстық іс өте құпия белгісі бойынша тергеліп жатыр.
Бұған дейін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов тұтқындалған болатын.
Дәулет Ерғожин 2016 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарға дейін ҰҚК-де қызмет еткен — Мемлекет басшысы оны және ҰҚК төрағасының екінші орынбасары Марат Өсіповті қызметінен босатқан. Бұған дейін ол екі жыл бойы Мемлекеттік кірістер комитетін басқарған.