Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде полицейлердің қызметтік автокөліктерін өртеген ер адам ұсталды.
Сондай-ақ ол тәртіпсіздіктер кезінде банк бөлімшесінің әйнегін сындырды деген күдікке ілінді.
«Жамбыл облысында полицейлер жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полицейлердің қызметтік автокөлігін өртеген күдіктіні ұстады», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«5 қаңтарда Тараз қаласындағы Қазыбек би және Әйтиев көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты жанында полицияның 11 қызметтік автокөлігі бүлініп, оның жетеуі өртенген. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202 – бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) және 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады полициядағылар.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілердің бірі табылатын Жуалы ауданының бұрын сотталған 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол автокөліктерді зақымдауға белсенді түрде қатысып, олардың бірнешеуін бір өзі өртеп жіберген
«Содан кейін ағаш таяқпен қаруланып, “Атшабар” тұрғын үй кешенінде орналасқан банк ғимаратының әйнегін сындырған», — деп толықтырды полиция өкілі.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.