Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде ересек тұрғындардың 80%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. 2022 жылғы 1 ақпандағы деректер келтірілді.
Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 4 млн 594 мың 703 адам немесе ересек тұрғындадың 79,7%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды.
Вакцинаның екінші дозасын ересек тұрғындар арасынан 3 млн 902 мың 269 адам немесе 67,7%-ы алды.
Тәжікстанда 18 жастан асқан азаматтарға COVID-19 қарсы екпе алу міндетті.
Елде COVID-19-ға қарсы вакцинаның 5 түрі қолжетімді: CoronaVac, AstraZeneca, Moderna, Pfizer және Спутник V.