Армения Президенті отставкаға кетті

Арменияда президент Армен Саркисянның отставкасы қабылданды. Парламент 35 күннің ішінде жаңа мемлекет басшысын сайлау керек.

Саркисян бір апта ішінде отставкаға кету туралы өтінішін қайтарып алмады, енді оның өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды.

Мемлекет басшысының міндетін атқарушы парламент спикері Ален Симонян болды. Енді депутаттардың жаңа президентті сайлауға ең аз дегенде 25 және ең көп дегенде 35 күн бар. Президенттіке үміткерлерді үкімет пен оппозиция өкілдері ұсына алады: депутаттар дауыстың төрттен бірін алу керек.

Бұған дейін Саркисян президенттің сыртқы және ішкі ықпал саясаттың іргелі үдерістеріне әсер етуіне мүмкіндік бермейтін өкілеттіктер мен құралдардың болмауына байланысты отставкаға кетуге өтініш берген.

Естеріңізге сала кетейік, Арменияда мемлекетті парламент басқарады.

Добавить комментарий