Анасы үш жасар қызын аю қамалған торға лақтырды. Безбүйрек әйелдің қызын лақтырған сәті Ташкент зообағында орнатылған бейнекамераға түсіп қалды.
Әйелге қатысты адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл жайт 28 қаңтарда орын алды. Хайуанаттар бағының қызметкерлері әйелдің қызды металл қоршаудан лақтырып жібергенін айтты. Аю қыздың жанына келіп, оны иіскеп, кетіп қалды. Содан кейін қызметкерлер жыртқыш аңды басқа жаққа кіргізіп, сәбиді қоршаудан алып шықты.
Видео кадрларынан әйелдің қызды қоршаудан лақтырып жібергенін көрсе болады. Ол төмен құлап түскенде, аю оған қарай жылдам жақындап келеді. Келесі кадрларда хайуанаттар бағының қызметкерлері пайда болып, баланы алып шығады. Қыз бес метрлік биіктіктен құлаған соң ашық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалды. Қыздың жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда. Барлық емдеу шығындарын хайуанаттар бағы өз мойнына алды
Анасына қатысты адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны белгісіз. Әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.