Қазақстанда барыс жылы бүкіл елді қамтыған наразылық шараларымен басталды. Нәтижесінде (үкімет отставкаға жіберілді) қазіргі президент пен Қазақстанның жаңа үкіметіне бұрынғы қателіктерін ескеріп, мемлекетті толығымен жаңартуға мүмкіндік береді. Қазақстан трансформациялаудың жаңа кезеңінде, бірінші кезекте мемлекеттің жаңа экономикалық саясат және саяси жүйені жаңғырту болуы керек.
Республиканың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке тоқталған жөн, шерушілер оның саясаттан кетуін талап еткен еді. Назарбаев өз үндеуінде билік толықтығы қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында екенін айтты. Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін басқарғаны белгілі, бұл оған бірқатар маңызды өкілеттікті берді және мемлекет жүргізіп отырған саясатқа ықпал етуге мүмкіндік берді.
Тоқаев билікті толық өз қолына алғандықтан, енді Ресей президенті Владимир Путинмен өзара іс-қимылды өзі жасайтын болады. Назарбаев қазіргі ҚР президентіне қарағанда Ресей билігіне барынша адал болғаны белгілі. Путин маңызды мәселелерді Назарбаевпен шешіп отыратын. Мәселен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті барысында РФ президенті Назарбаевпен ғана келіссөздер жүргізді. Дегенмен, Тоқаев та аталмыш шараға қатысқан еді.
Қазіргі президент үшін саяси сынақ басталды. Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы әрі қарай қалай өрбиді? Жоғарыда Тоқаев пен Путин арасында сенімді қарым-қатынас жоқ екені атап өтілді, бұдан бөлек қос елдің арасында белгілі бір келіпеушіліктер бар екені белгілі.
- Ресей мен Қазақстанның экономикалық моделі мен экспорт құрылымының ұқсастығы олардың негізгі сауда серіктестері — ЕО және Қытай нарығындағы бәсекелестікте проблема туындайды.
- Ресей мен Қазақстанда заманауи халықаралық қатынастардың жай-күйін бағалау мен идеологияға әртүрлі тәсіл қолданылады.
- Орыс тілінің болашағы жайлы мәселе.
- Ресей Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму аспектісінде теңесетін мемлекет емес.
«Тоқаев ұлттық мүддені бірінші орынға қойып, ішкі саясатты жүргізуді жалғастыратынына күмән жоқ», — деп жазады батыс саясаттанушылары.