Ақтөбе полициясы жаппай тәртіпсіздіктен кейін ұсталғандарды түрмедегі жағдайы қандай екенін көрсетті.
Әлеуметтік желілерде наразылық шарасынан кейін ұсталғандардың ұрып-соғып жатыр деген ақпарат тарады.
Ақтөбе полицейлері жаппай тәртіпсіздіктен кейін ұсталғандар түрмедегі жағдайын көрсетті, деп хабарлайды «Диапазон».
Әлеуметтік желілерде митинг кезінде ұсталғандарды тәртіп сақшылары ұрып-соғып жатыр деген ақпарат тарағандықтан, журналистер мен депутаттар үшін ұсталғандар отырған орындарға пресс-тур ұйымдастырылды.
Қалалық№1 полиция бөлімінің басшысы Берік Бисекенов қызметтік кабинеттер мен дәліздердегі бейнекамераларды көрсетті.
Оның айтуынша, барлық бөлмеде бейнебақылау орнатылған. Сондай-ақ, ол өзінің және басқа қызметкерлердің кел келген камераны өшіруге немесе жазбаны жоюға мүмкіндігі жоқ екенін атап өтті.
«Ұсталғандардың полиция бөліміне жеткізілмес бұрын басқа жерде ұрып-со ққан болуы мүмкін», — деді Берік Бисекенов.
Арнайы қабылдау бөлмесінде барлық тұрмыстық жағдай жасалған, душ бар, қамаудағыларға үш мерзім тамақ береді, сондай-ақ олар шахмат ойнап, спортпен шұғылдана алады.
«ТЖ жарияланған күндері мұнда 249 адам жеткізілді. Оның 183-і прокуратураның наразылығынан кейін бостандыққа шықты», — деді Ақтөбе полиция басқармасы арнайы қабылдау орнының міндетін атқарушы Қаныбек Сафиянов.