ҰҚКБ-ның бұрынғы қызметкері Ақтөбеде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
«Қуат Шамұратов ҰҚКБ-да 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген, бірақ жұмыстан шығып, өз кәсібін бастаған. Оның жанұясы, егде жастағы ата-анасы бар, ол төрт бала тәрбиелеп отыр. Туыстарының айтуынша, оған қарсы іс ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі (күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру) бойынша қозғалған», — делінген хабарламада.
Туыстары ер адамға тағылған айыпқа сенбей отыр.
«Ұлым митингіге соңынан қосылды. Ол қалай ұйымдастырушы болады? «, — деді күдіктінің анасы Маржан Серікбаева.
Бұрынғы полиция қызметкерінің әкесі — бұрынғы әскери қызметкер Болат Шамұратов шерушілер бастамашыл топты сайлағанын, бірақ оның баласы құрамына кірмегенін айтты.
«Шерушілер арасында агрессивті жастар пайда болған кезде ұлым полиция шақырған. Балам кінәлі емек екенін айтты, кінәсін мойындату үшін аямай ұрып-соғып жатыр, ол ауруханаға түсіп қалды, бірақ оны емдеуге қалдырмады. Адвокаттары Тоқаевқа өтініш жазды», — деді Болат Шамұратов.
Журналистер облыс прокуроры Марат Қайыбжановқа сауал жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардағы наразылық шарасына қатысқандар азаматтар мен белсенділерге күш қолданғаны туралы ақпараттан кейін Еуропарламент қарар қабылдады, ол Қазақстан билігін қатаң сынға алып, оларға қарсы санкция салуға шақырды. Қазақстан СІМ қарар біржақты сипатқа ие деп мәлімдеді. Бұл ретте тәртіп сақшылары тарапынан күш қолданып жатқаны туралы ақпарат әлі де түсіп жатыр. 22 қаңтарда белгілі қазақстандық адвокат Абзал Құспан Ақордамен келіссөздерден кейін полицейлердің арасында арандатушылар бар екенін хабарлады. Сол күні Бас прокуратура мен қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеме жасап, Қазақстанда күш қолдану, наразылық шарасынан кейін ұсталғандардың өлімі және өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша 16 қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.