Экология вице-министрі және «ӨКМ операторы» экс-басшысы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты экология вице-министрі Пірімқұлов пен «ӨКП операторы» экс-басшысы Медет Құмарғалиевке қатысты бұлтартпау шарасын таңдады.

Олар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде екі ай мерзімге қамауға алынды.

26 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС басқармасының экс-төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстады. Олар жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

21 қаңтарда Қазақстан Президенті бизнес өкілдерімен кездесуде «ӨКМ операторы» қызметін сынға алып, оператордың қызметін мемлекеттік ұйымға беруді ұсынды.

Добавить комментарий