Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Талғар ауданының аумағында бүгінде АТО режимі жұмыс істейді.
Алматы қаласы мен Алматы облысында мемлекеттік мекемелерге шабуылдар және коммерциялық нысандарды тонауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін жолын кесу қажеттілігіне байланысты Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының аумағында антитеррорлық операция режимін енгізу туралы шешім қабылдады.
Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласындағы ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесін ұстады.
ҚР ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігі «Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізілді. Қару-жарақ (араланған шолақ мылтық, оқ-дәрілер), шулы жарық және жауынгерлік граната, полиция қызметкерлеріне арналған оқ-дәрі элементтері, 123 ұялы телефон қаптары, жасыл түсті ерекше иісі бар зат тәркіленді.
Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда.
Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.