АҚШ пен одақтастар Румыния, Болгария және Венгрия аумағына қосымша әскер жіберу мәселесін қарастыруда.
Ресейдің Украинаға ықтимал басып кіруіне дейін НАТО-ның Шығыс Еуропа елдеріне мыңдаған қосымша әскерилерді жіберу болжанып отыр. Сәрсенбі күні CNN телекомпаниясы осындай мәлімдеме жасады.
Оның мәліметінше, қосымша әскерлер Румыния, Болгария және Венгрия аумағына жіберілуі мүмкін, алайда бұл мәселе бойынша әлі нақты шешім қабылданбаған. CNN пікірталасқа қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбритания қосымша «мыңға жуық әскери қызметшіні» жіберуге ниетті екенін атап өтті. Бұл ретте «НАТО-ға мүше 30 елдің барлығы мұндай шараларды қабылдауға дайын емес», — деп толықтырды телекомпания.